Қазақстанда Әлемдік Жүрек Күніне орай республикалық онкүндік өтеді

25 Қыркүйек, 2013 11:16
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қыркүйектің 20-нан 30-на дейін қан айналым жүйесін емдеу жөнінен республикалық онкүндік өтеді, деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастауымен ең өзекті мәселе ретінде жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісі күні әлемдік ұйым Дүниежүзілік Жүрек Күнін өткізеді» - деп ведомство хабарламасында жазылған.

Хабарламада айтылғандай, Әлемдік Жүрек Күні мен республикалық онкүндіктің  басты мақсаты әрбір қазақстандықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, зиянды қылықтардан бас тартуға арналған ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Сонымен қатар, республиканың барлық аймақтарында медицина орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Денсаулық мектептерінің мамандары тұрғындарға пайдалы кеңестерін айтып, ақпараттық жұмыстарды жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар