• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев:Жаңа экономикалық саясат - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында жаһандық қадам

Н.Назарбаев:Жаңа экономикалық саясат - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында жаһандық қадам

11 Қараша, 2014 14:06
«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясат - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында жаһандық қадам, деді 2015 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауын таныстыру кезінде Президент Н.Назарбаев.

««Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты дағдарыс жылдары елміздің экономикасын алға  итеруге қозғаушы күш болады. Тек жолдарды салу есебінен жаңа 200 мың жұмыс орны ашылады. Бұл жұмысбастылықты және халық  табысының артуын білдіреді», - деді Президент.

«Біз Астанадан барлық жерге жеткізетін көлік, теміржол және әуе магистралын құруымыз керек. Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар экономикамыз бен қоғамымыздың жаңаруына септігін тигізеді», - деп жалғастырды Н.Назарбаев.

Елбасы толықтырып өткендей, нәтижесінде Астана арқылы транзит көлемі мен  жүкайналымы артады.

««Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясат  -  әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында жаһандық қадам. Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет жаңа құрамда жұмыс істейді. «Нұрлы Жол» экономиканың өзге салаларына мультипликативтік әсер береді», - деп түйді Елбасы.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар