• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы Астана әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысына 29 млрд теңге бөлінеді

2015 жылы Астана әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысына 29 млрд теңге бөлінеді

11 Қараша, 2014 13:58
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елорда әуежайының жаңа терминалы құрылысы мен ұшып-қону жолақтарын қайта құру жұмыстарына 29 млрд теңге бөлуді тапсырды.

 «ЭКСПО-2017 қарсаңында біз Астананың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесін қарастыруымыз керек. Біз бүгінгі күні жолдарды дамыту, жедел жүретін троллейбустар мен бағыттарды іске қосу мәселелерін ойластырып отырмыз. Дегенмен, осы жылдың өзінде Елорда әуежайы 3,5 млн адам максималдық ағыны шегіне жетеді. Ол осындай көлемдегі жолаушылар ағынына есептеліп салынған еді, осы жылы бұл көрсеткішке қол жетеді. Сондықтан, оның әлеуетін арттыру үшін 2015 жылы 29 млрд теңгені Астана әуежайының жаңа терминалы құрылысы мен ұшып-қону жолдарын қайта құруға бөлуді тапсырамын.

Бұл 2017 жылға әуежайдың жолаушыларды өткізу қуатыллығын 7,1 жолаушыға дейін арттыра алады. Бұл көрсеткіш бүгінгі күннің өзінде қажет болып отыр.

Сондай-ақ, «Астана-ЭКСПО-2017» кешенінің құрылысына Н.Назарбаев 2015 жылы 40 млрд теңгелік несие бөлуді тапсырды, ол бөлінген 25 млрд теңгенің үстінен қосылады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар