ШОБ-ті жеңілдікпен несиелеу үшін екінші транштан 100 млрд теңге бөлінеді

11 Қараша, 2014 13:28
Бүгін Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШОБ-ті жеңілдікпен несиелеу үшін екінші транштан 100 млрд теңге бөлінетіндігін айтты.

 «Ең өзекті мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 3 трлн теңгенің есебінен 500 млрд теңге көлемінде екінші транш бөлуді тапсырамын. Бұл қаржы келесі міндеттерге жұмсалуы керек.Біріншіден, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі кәсіпорындарды жеңілдікпен несиелеу үшін қосымша 100 млрд теңге бөлу керек. Бұл тамақ өнеркәсібі, химиялық өнеркәсіп, машина құрылысы. Қызмет көрсету салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін болады»,-деді Мемлекет басшысы. 

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл астық, химия өнеркәсібі, машина жасау, қызмет көрсету салаларын қамтамасыз етеді.

Елбасы атап өткендей, екіншіден, банк секторын жандандыру үшін проблемалық несиелерді сатып алу мақсатында Елбасы 2015 жылы «Проблемалық несиелер қорының» капиталын қосымша 250 млрд теңге бөлуді тапсырды.

Индира Қауметова 

 

Барлық жаңалықтар