• Басты
  • Жаңалықтар
  • Президент құрылыс пен құрғақ порттардағы терминал қуаттылығының жалгерлік мәселесін пысықтауды тапсырды

Президент құрылыс пен құрғақ порттардағы терминал қуаттылығының жалгерлік мәселесін пысықтауды тапсырды

11 Қараша, 2014 13:14
Президент Н.Назарбаев жаңа Жолдауды жариялау барысында Үкіметке құрылыс пен құрғақ порттардағы терминал қуаттылығының жалгерлік мәселесін пысықтауды тапсырды.

Шығыста логистикалық хабтың құрылысы мен  Батыста  теңіз инфрақұрылымын құру жұмыстарын жалғастыру қажет.

«Батыста экспорттық әлеуетті арттыруды Каспий порты арқылы жасауды Боржақты Ерсай темір жол бағыты жүзеге асырады, ол қазір салынуда. Үкіметке құрылыс пен Еуропалық одақтың Қытай, Иран,Ресей елдерінің  құрғақ порттарындағы терминал қуаттылығының  жалгерлік мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді Н.Назарбаев.

«Транспорттық-логистикалық  инфрақұырылымның дамуы Хабтардың негізі бойынша макроөңірлерді қалыптасыру аясында жүзеге асады. Инфрақұырылымдық тірек Астананы макроөңірлермен, темір жолдар, автомобиль, әуе қатынасы арқылы (Нұрлы жол)   байланыстырады», - деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, негізгі автожол жобаларын жүзеге асыру қажет. «Бізге Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралін аяқтау қажет. Астана-Алматы, Астанадан Павлодар, Семей арқылы Өскеменге, Астана-Ақтөбе-Атырау, Алматыдан Өскеменге, Қарағандыдан Жезқазған – Қызылорда-Атырау-Астрахан бағытындағы қозғалыстың құрылысы басталды», - деді  Президент.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар