• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев Қазақстанның «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын таныстырды

Н. Назарбаев Қазақстанның «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын таныстырды

11 Қараша, 2014 13:01
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қазақстанның «Нурлы Жол» жаңа экономикалық саясатын таныстырды.

«Мен Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы Жолды» жариялаймын және оған 2015 жылдың халыққа Жолдауын арнаймын. Ол ұзақмерзімді және экономикамыздың құрылымдық реформасын жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді? Біз сыртқы нарықтың ахуалы жақсы болған жағдайда қазба байлығынан тапқан табысымызды Ұлттық қорға жібердік.  Қордың негізгі мақсаты экономикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. 2007-2009 жылдар аралығындағы дағдарыспен күресте тапқан табысымыздың 10 млрд долларын жұмсадық, қалған қаржыны жеп қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент атап өткендей, бүгінде осы резервтерді халқымыздың игілігі мен алда келе жатқан дағдарыспен күресу үшін  жұмсайтын уақыт келді.

«Ол бізге аумалы-төкпелі кезеңнен өтуге, экономикамыздың өсіміне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Қомақты қаржы көлік, энергетика,  шағын және орта бизнестің индустриалды, әлеуметтік  инфрақұрылымын дамытуға бағытталады», - деді Елбасы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар