Н.Назарбаев 2015 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

11 Қараша, 2014 12:44
«Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында 2015 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

«Бүгін «Нұр Отан» партиясының  саяси кеңесінің мүшелері, Үкіметтің мүшелері, облыс әкімдері, қоғамдық өкілдер, саяси партияның жетекшілер бар. Уақыт күтіп тұрмайды. Заман тәуекелдері бізге қарсы тұруда. Біз оған қатысты шараларды қабылдауымыз керек .Осыған орай мен осы отырыста Қазақстан халқына Жолдауымды арнауды шештім. Оны алдын ала неліктен істеп отырғанымды кейін түсіндіремін», - деді Н.Назарбаев.

«Бүгін айтылған міндеттерді 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдана беру керек. Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмыс бастады. Үкіметтің алдына үлкен міндет қойылып отыр. Бүгін қауіп-қатерлерге байланысты мен «Нұрлы жол» атты Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын жария етемін», - деді Елбасы. 

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар