• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қазақстандық сайлаушылардың мүддесін айқындайтын 15 мыңнан астам түзетулер енгізді

«Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қазақстандық сайлаушылардың мүддесін айқындайтын 15 мыңнан астам түзетулер енгізді

11 Қараша, 2014 12:06
«Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қазақстандық сайлаушылардың мүддесін айқындайтын 15 мыңнан астам түзетулер мен өзгертулер енгізді, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева.

«Партияның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасын заңнамалық базамен қамтамасыз ету «Нұр Отанның» басты міндеті. Үш жылдық еңбек ішінде 258-ге жуық заң жобасы мақұлданып, Сенаттың қарауынамжіберілді. Олардың 240 Заңды күшіне енді», - деді  Д.Назарбаева.

Мәжіліс төрағасының орынбасары толықтырып кеткендей, «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары қазақстандық сайлаушылардың мүддесін айқындайтын 15 мыңнан астам түзетулер мен өзгертулер енгізді.

«Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап әлеуметтік төлемақылардың 12%-ға көтерілетіні туралы Заңдар қабылданды. Ал, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік жәрдемақы көлемі 25%-ға артады. Сонымен қатар, бала асырап алу бойынша бір реттік қаржылай сыйақы беру заңды түрде енгізілді. Бұдан басқа Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендерге төленетін өтемақы көлемі мен жеңілдіқтер көбейтілді», - деп еске салды Д.Назарбаева.

Сондай-ақ, қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету заңнамасына өзгертулер енгізілді. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жасақталды. Жұмыс берушілердің ауыр жағдайларды жұмыс істейтіндерге қосымша 5% зейнетақы төлемін өтеуі қарастырылған», - деді ол.

Барлығы депутатар әлеуметтік бағыттағы 31 заңды қарастырып, қабылдаған. «Бұдан басқа, қазақстандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын 27 заң қабылданды. Олар заңнаманы жеңілдетуге, қолайлы бизнес ортаны жасақтауға бағытталған», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Бүгінде мәжілістің қарауында кәсіпкерлік қызметпен байланысты 8 заңжобасы бар. Кәсіпкерлік кодексін қарастыру күтілуде.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар