- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы Ақтөбе облысында 800 га жерге орман алқабы отырғызылды
2013 жылы Ақтөбе облысында 800 га жерге орман алқабы отырғызылды
«Өңірімізде орман алқабы көлемі және отырғызу материалдарының саны және ассортименті көбеюде. Есепті кезеңде 812 га жерге орман ағаштары отырғызылды» - деп хабарламада нақтыланған.
Биылғы көктемде орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен 473,45 мың дана ағаш көшеттері мен екпелері сатылды. Өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде де осы көрсеткіш болған.
Табиғатты қорғау бағдарламасы аясында, Ақтөбе қаласының айналасындағы санитарлы-қорғаныштық жасыл аймақты қайта жаңғырту жоспарын жүзеге асыру жалғастырылуда.
Ағымдағы кезеңде Ақтөбе қаласының айналасындағы санитарлы-қорғаныштық жасыл аймақты қайта жаңғырту бойынша 270,5 гектар алқабында толықтыру жұмыстары жүргізіліп, күтім жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жарамсыз көшеттердің орнына бағалы ағаш тұқымдарымен алмастыру мақсатында 213,2 гектар алқабында орман көшеттерін кесу жүргізілуде. Ағымдағы жылдың көктемінде санитарлық-қорғау аймағын қайта қалпына келтіру аясында 210 га алқапқа орман екпелері отырғызылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда орман екпелерін санитарлық кесу көлемі 124,9 га азайтылып, Орман екпелерін егу көлемі 210 га көбейді.
Жыл сайын орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қаржыландыру көлемі көбеюде. Биылғы жылы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне 3 дана МТЗ тракторлары мен 4 дана «Нива» автокөліктері сатып алынды.
Ағымдағы жылдың көктемінде «Жасыл даму» бағдарламасының «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» акциясы аясында Ақтөбе қаласы мен облыс аумағында 58123 адамның (соның ішінде 29549 жастар) тартылуымен 47238 дана ағаш пен бұта көшеттері отырғызылды.
Ағымдағы жылы «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ қарасты мемлекеттік орман қоры жеріне жалпы аумағы 950 га алқапқа орман зиянкестеріне (ильмалық жапырақжегі) қарсы күтім жұмыстары жүргізілуде.
Темір және Шалқар аудандарындағы елді мекендеріндегі құм көшкінін тоқтату мақсатында жалпы ауданы 21 га жерге жасыл желек егу және оны күту жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылдары егілген жасыл желектерге күтімдік жұмыстар жүргізілді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді