- Басты
- Қ.Асылов: Біздің даму бағытымыз – «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асырылуы
Қ.Асылов: Біздің даму бағытымыз – «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асырылуы

«Республикалық ақпараттық топ мүшелерінің Алматы қаласы жастарымен өткен кездесуі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бүр мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық топ жұмысы аясында өтті», - деп хабарлайды министрлік.
Ведомствоның хабарлауынша, жастар аудиториясы алдында сөз алған Қ.Асылов Мемлекет басшысы туралы айта отырып, соның арқасында Қазақстанның осы деңгейге жеткенін тілге тиек етті. Оған дәлел бүгінгі таңдағы еліміздегі экономика, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік салалардың алға ілгерілеуі.
Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену Қазақстанның алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Сонымен қатар, барша қазақстандықтарды осы жолда еңбектенуге шақырады.
«Мемлекет басшысы біздің даму бағытымызды нақты айқындап берді. Ол «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыру. Сонымен қатар осы жолда инновациялық индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешенге инновациялық технологияларды енгізу, ғылымиланған экономика енгізу, қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды дамыту, агломерация, көлік, энергетика, шағын және орта бизнестің бойына қан жүгірту», - дейді спикер.
Сөз соңында Қазақстан тәуелсіздігін нығайта түсетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы айтылып, көршілес елдермен тату-тәтті қатынас құру, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамда бейбітшілік пен келісімнің тұрақтауына жағдай жасау, индустрияландыру мен инновация негізінде экономикалық даму мен Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құру сөз болды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, жастармен мұндай келісімнің ұйымдастырылуы үлкен мәнге ие. Өйткені Жолдаудың өзінде Елбасы елдің болашағы жастардың қолында екенін айтып, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму жолындағы қосар үлесіне тоқталды.
Кездесуге қатысушылар Президент Жолдауынан әрбір қазақстандықтың көкейіндегі сауалдарға жауап ала алатынын айтысты.
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Отандық фармацевтиканың дамуы: 2020 жылдың негізгі көрсеткіштері
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі

