- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар жобасын ЕҚДБ қаржыландырады
Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар жобасын ЕҚДБ қаржыландырады
«Жобаны жүзеге асыруға байланысты Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Еуропалык қайта құру және Даму банкінің Қазакстан бойынша директоры Джанет Хэкман және Қызылода қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Ахатов үш жақты алдын ала келісімге қол қойды», - делінген хабарламада.
Аталмыш банк жобаны жүзеге асыруға 3,6 миллиард теңге (15 миллион евро баламасымен) көлемінде қаржы салады. Ал несиені қайтару мерзімі 13 – 13 жыл.
Бастысы жобаны жүзеге асыру кезінде Қызылорда облысының экологиялық жағдайы жақсарады. Яғни, полигонға жеткізілетін тұрмыстық қатты қалдықтар қайта өңделеді. Шикізаттан мәселе жоқ. Қарапайым күнделікті тұрғындардың «кәдеге жарамсыз» деп тастаған қоқыстары өңдеуден өтеді. Жобаны жүзеге асыру арқылы өңдеудің басқару жүйесін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жоба аясында қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу кешенінің және жаңа санитарлық қоқыс полигонының құрылысы салынып, өндіріске қажетті құрал-жабдықтар, станоктар сатып алынады.
«Біз бұл банкпен тығыз байланысты жұмыс жасап жатырмыз. Экологиялық жағынан таза жанар-жағармаймен жүретін соңғы үлгідегі 20 автобус сатып алынды. Жақын күндері тағы 100 автобус әкелінеді. Бұған қоса, облыс орталығын су бұру және сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау жұмысын қаржыландырады. Енді ЖЭО жаңғыртуға қаражат бөлу мәселесі және соңғы үлгідегі жаңа электр үнемдеу технологияларын қолдану арқылы облыс орталығын жарықтандыру жобасы әзірлену үстінде», - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев
Жалпы, Қызылорда облысында Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен бүгінде құны шамамен 60 млрд. теңге болатын 8 жоба іске асырылып жатыр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты