• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл басынан бері тегін байланыс орталығына отандық шаруалардан 3 мың қоңырау келіп түсті -ҚазАгро

Жыл басынан бері тегін байланыс орталығына отандық шаруалардан 3 мың қоңырау келіп түсті -ҚазАгро

10 Қараша, 2014 18:49
Биылдың өткен 10 айы ішінде «Қазагромаркетинг» АҚ-ның тегін байланыс орталығына отандық шаруалардан 3 мың қоңырау келіп түсті. Салыстыру үшін айта кетсек, былтырғы жылдың осы мерзімі ішінде келіп түскен қоңыраулардың саны 783 болатын, деп хабарлады ҚазАгро.

«Осы жылдың қыркүйек-қазан айларында қоңыраулар саны күрт артқан, нақтырақ айтсақ, қыркүйек айында орталыққа 423, қазан айында 725 адам хабарласқан. Қоңыраулар санының артуы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жылқы («Құлан») және қой («Алтын асық») шаруашылықтары саласындағы жаңа несиелеу бағдарламаларын іске асырып, оларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамалауына байланысты орын алып отыр», - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері хабарласқандарды қызықтырған тақырыптар ішінде ең басты орын әдеттегідей «ҚазАгро» холдингісінің еншілес компаниялары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алуға тиесілі. Қыркүйек айында бұл тақырып төңірегінде жасалған қоңыраулар саны 60%-ды, қазан айында 80%-ды құраған.

Оның ішінде шаруаларды неғұрлым қызықтырған «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары болып табылады.

Өткен қазан айында қоңыраулардың көбісі Оңтүстік Қазақстан (31%), Алматы (13%), Жамбыл (10%) және Шығыс Қазақстан (7%) облыстарынан келіп түскен. Қалған облыстардан қабылданған қоңыраулар саны 1-ден 5%-ға дейінгі мөлшерді құраған.

 

Барлық жаңалықтар