Білім министрлігі баланы алты жаста орта мектепке беруге кеңес береді

10 Қараша, 2014 17:16
ҚР білім және ғылым министрлігі Мәжілісте білім мәселелері бойынша түзетулерді таныстырды.

«Мектептік білім беруде мектепке қабылдау жасын алты жас деп бекіту қарастырылуда. Бала 18 жасында орта мектептегі оқуын тәмәмдауы керек. Бүгінгі таңда біз мемлекеттік бағдарламада баланың 6 жастан бастап оқуға баруын қарастырып қойдық. Қоғамда бұл тұрғыда түрлі пікірлер айтылады, біз оқу жылы күнтізбе жылынан айырмашылығы жермен көктей деп түсіндірудеміз және біз үшін бірінші қыркүйек жаңа оқу жылы қарсаңында баланың алтыға толғаны маңызды»,  - деді білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

«Бүгінде біз баланы орта мектепке алты жастан беруге кеңес береміз. Біз балаларды қабылдауға әзірміз. Бүгінде орта және бастауыш мектептер желісі 1 мен 11 сынып оқышуларына  жақсы білім алуын қамтамасыз ете алады»,- деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, алты жастан бастап мектепке қабылдау нормасы заң күшіне енген соң жүзеге асырыла бастайды, деп вице-министр толықтырды.

Өз кезегінде депутаттар мектептердің дайындығына күмән келтірді.

«Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 306 мың алты жастағы бала бар, тоғыз айда тағы 200 мың бала алтыға толады. Біздің мектептер дайынба?»,- деп алаңдаушылық білдірді Мәжіліс депутаты  Розақұл Халмурадов.

«Жақын арада 12 жылдық білім беру болады. Әлемде Италия, Испания, Жапония мен Франция, Канада, Австрия мектепке балаларды алты жастан қабылдайды», - деп толықтырды  Т.Балықбаев.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар