- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде суретші-зергер Берік Әлібайдың көрмесі ашылады
ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде суретші-зергер Берік Әлібайдың көрмесі ашылады
«Зергерлік өнер атадан мұра болып қалған, балалық шағынан халықтың өнерімен сусындаған Берік Әлібай 1964 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Қызыл сай ауылында дүниеге келген. Н.В Гоголь атындағы Алматы көркем өнер училищесін және Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясын бітірді»,- делінген хабарламада.
1989 жылдан бастап көптеген республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелер мен Қазақстанның шет мемлекеттердегі өткізілген мәдениет күндерінің белсенді қатысушысы болып табылады. Оның шығармашылығының бірегей үлгілері ҚХР-да, Сауд Аравиясында, Жапонияда, Иранда, Ресейде, Катарда, Түркияда, Германияда, Испанияда, Оман Сұлтанатында, Англия сияқты мемлекеттерде көрмелерге қойылды.
Қазақстанның зергерлік өнеріне қосқан қомақты үлесі үшін бірнеше дүркін сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болған. Солардың қатарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы ЕҚЫҰ Самиттін дайындауға және өткізуге белсене қатысқаны үшін арнайы алғыс хатымен де марапатталғанын ерекше атауға болады.
Берік Әлібай Қазақстан дизайнерлері Одағы және Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, «ҚР Мәдениет қайраткері», ҚР Президенті степендиясының иегері, «Қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Астана – Бәйтерек 2005» конкурсының лауреаты, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
2013 жылы Санкт-Петербург қаласында Карл Фаберже халықаралық мемориалдық қорының «Еңбегі сіңген зергер» гауһар тасты Орденімен және 2014 жылы «Мұсылман әлемінің құрметті зергері» ордендік белгісімен марапатталған. Шебер қазақ халқының мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты.Оның қолынан Қазақстан музейлерінің 3 000-нан астам жәдігерлері қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарынан өтті.
Оның авторлық жұмыстары «Тәуелсіздік Сарайындағы» этнография және қолданбалы өнер Галереясында, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі, ҚР Орталық Мемлекеттік музейі мен ҚР Ұлттық Музейі қорларында сондай-ақ жеке коллекционерлер мен шетелдік галереяларда сақтаулы. Қазіргі уақытта Берік Әлібай ҚР Ұлттық музейінде Консервациялау және қалпына келтіру орталығының Металл, ағаш, тері және сүйек бұйымдарын реставрациялау бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Ұлттық мүдде ұстанымына берік ұстаз -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары