• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбемұнайгаз Ақтөбе облысына бес жыл бойы арзан газды жеткізу туралы меморандумға қол қойды

Ақтөбемұнайгаз Ақтөбе облысына бес жыл бойы арзан газды жеткізу туралы меморандумға қол қойды

10 Қараша, 2014 17:33
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бес жыл бойы жаңа инвестициялық жобалар үшін 200 млрд. текше метр газ бөледі, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.

«Ақтөбеде өткен инвестициялық форумның қорытындылары бойынша жалпы сомасы 140,9 млрд.теңгені құрайтын 17 меморандумға қол қойылды», - делінген хабарламада.

Ең маңызды құжаттардың арасында облыс әкімдігі мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасында аймақтың жаңа инвестициялық жобалар үшін  газды тиянақталған арзан бағамен жеткізу және тасымалдау меморандумы болды.

Сондай-ақ облыс әкімдігі мен Eurasian Resources Group арасында Ақтөбе ферроқорытпа зауытында тазартылған феррохром қалдықтарын қайта өңдеу бойынша меморандумдарға,  қол қойылды.

Сонымен қатар Жергілікті атқарушы орган мен «ҚТЖ» АҚ арасында Ақтөбеде көлік-логистикалық орталықты салу жөніндегі меморандумға да қол қойылды.

Форумның мақсаты - Президенттің инвестицияларды тарту бойынша тапсырмаларын орындау. Форумның қорытындылары бойынша 17 меморандумға қол қойылды, бұл жалпы сомасы  1 млрд.долларды құрайтын 17 жоба болып табылады, екі жылдың ішінде бұл инвестициялар аймаққа келіп жетеді. 

 

 

Барлық жаңалықтар