• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай мен Челябі облыстарының кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қостанай мен Челябі облыстарының кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

10 Қараша, 2014 15:48
Қостанай облысы мен РФ Оңтүстік Орал сауда өндіріс палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар сауда-экономикалық байланысты ұзақмерзімді серіктестік принциптеріне сүйене отырып кеңейтуге уағдаласты.

ҚР ҰКП хабарлағандай, құжат аймақтардың кәсіпкерлеріне бірлескен консультативті шараларды, іскерлік кездесулер, форумдар мен көрмелерді  өткізуді қарастырады. Екі палатаның сарапшылары кәсіпорындардың өнімдерін Қостанай мен Челябі нарығында кеңінен таралуына әсер етуге мүдделі.

Кездесу аясында аймақтар арасында әлеуметтік және іскерлік байланыс орнатылғаны аталып өтілді. Кедендік одақ шарттары аясында тауарайналымы артқаны тілге тиек етілді.

«Біз челябилік кәсіпорындар тарапынан біздің өңірімізге деген үлкен қызығушылықты байқап отырмыз. Бүгінгі делегацияның сапары мен меморандум  өзара байланысымызды одан ары нығайтуға септігін тигізеді деген ойдамыз», - деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.

Өз кезегінде ресейлік делегация өкілдері өзара серіктестікті кеңейтуге, атап айтар болсақ ауылшаруашылығы, тамақ өндірісі, металлургия мен машинақұрылысы салаларында одан ары дамытуға мүдделі екенін жеткізді.  

Барлық жаңалықтар