Үкімет басшысы Италиямен ынтымақастықтың басым бағыттарын атады

10 Қараша, 2014 14:28
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Қазақстандағы Италия» кәсіпкерлік миссиясы» атты Қазақстан-Италия бизнес-форумының ашылуында арадағы ынтымақтастың басым бағыттарын атап, бірлесе әрекет ету керек тұстарды да жекелей көрсетті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан индустрияландыру бағдарламасын іске асыруда. Технология трансфертін жолға қойып, инновация тартуға күш салуда. Біз Италияның көптеген салалардағы жетістіктерін жоғары бағалаймыз. Атап айтар болсақ, олар агроөнеркәсіп кешені, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, өндіруші сектор.Біз италияндық индустриялды-инновациялық технологияның кеңінен қабылдануы мен бірлескен жобалардағы шеберліктерден үміт етеміз», - дейді Үкімет басшысы Астанадағы форумның ашылуында.

Өз кезегінде біздің мемлекет жеткілікті деңгейдегі ресурс пен әлеуетке ие деп атап өтті Үкімет басшысы. «Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың бір бөлігі. Аталмыш одақ 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Нарықтағы халық саны 170 млн адамды құрайды. Осы орайда Қазақстан экономикасына инвестиция салу мен бірлескен жобаларды іске асырудың маңызы жоғары», - дейді ҚР Үкімет басшысы.

ҚР Премьер-Министрі инвесторларға жаңаша ынта беретін ҚР Заңының қабылданғанын айта келіп, 10 елдің азаматтарына, соның ішінде Италия азаматтарына визасыз режим енгізілгенін еске салды.  

Италия делегация құрамында шамамен агроөнеркәсіптік кешен, текстиль өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен құрылыс инфрақұрылымы саласында қызмет ететін 80 компания өкілдері бар.  Өз кезегінде қазақстандық тараптан ұлттық компания, ұйым мен салалық қауымдастық және даму институттары қатарынан 200 өкіл қатысады деп күтілуде. 

Барлық жаңалықтар