- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Біз Германияны Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі санаймыз
Н.Назарбаев: Біз Германияны Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі санаймыз
«Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы сөз қозғалды», - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті өткен айда Федералдық канцлер А.Меркельмен Миланда жүргізілген келіссөздердің жемістілігін атап айтты.
«Біз өзара іс-қимылдарымыздың барлық тармақтары бойынша тағы бір рет «сағаттарымызды теңестіріп», ынтымақтастықтың деңгейі жоғары және қарқыны жақсы екенін атап өттік. Біз сіздің елді Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі санаймыз және барлық бағыттар бойынша әрі қарай да жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде осы кездесу үшін алғысын білдірген Ф.Штайнмайер бұл оның Қазақстанға Германия сыртқы істер министрі ретінде келген үшінші сапары екенін айтты.
«Біздің талқылайтын тақырыптарымыз көп. Әлемдегі жағдай күрделенді, дегенмен, айналып өтілмеуге тиіс тамаша сәттер де бар, мәселен Германияда кеше Берлин қабырғасының құлатылуының 25 жылдығы атап өтілді», – деді Германия федералдық сыртқы істер министрі.
Тараптар сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бере алатын бірқатар перспективалы бағыттарға да назар аударды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді