Атырауда жылына 100 тонна бекіре балығы өндірілетін болады

10 Қараша, 2014 15:32
Атырауда салынған «Caspian Royal Fish» ЖШС тауарлы балық өсіру кешенінің жылдық өндірістік қуаты 1 тонна қара уылдырық және 100 тонна бекіре тұқымдас балық, деп хабарлайды әкімдіктің ішкі саясат басқармасы.

«Бекіре тұқымдас тауарлы балық өсіру мен бекіре тағамдық уылдырығының балық шаруашылығы кешеніне 15000 майшабақ пен 60 аналық балық әкелінді. Шаруашылық бассейніне Башқұртстаннан «хан балығы» тұқымының 45 ересек сүйрік балық пен 15 бас сібір балығы әкелінді. Зауыттағы алынатын қара уылдырық көлемін 1 000 кг-ға дейін жеткізу жоспарланған. Ал балық етін 100 тоннаға дейін ұлғайту көзделген», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, алғашқы уылдырықты  «сауу» әдісімен алдағы қыста алу жоспарланған. Нәтижесінде, 30 кг өнім алынады деп күтілуде. Жасанды жағдайда балық өсіру процесі жедел жүріп жатыр. Сол себепті балықтар уақытынан бұрын уылдырық шашады.

Айта кету керек, жобаның жалпы құны 1 млрд 164 млн теңге. Соның ішінде 789 млн теңге «Caspian Royal Fish» ЖШС өзіндік қаражаты. Ал 375 млн теңге жылына 8,5 пайызбен «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан берілген. Кешен басшылығы пайыздық үстемақыны субсидиялау бағдарламасына қатысады. Биыл мемлекеттік субсидия 7 пайызды жауып, нәтижесіне пайыздық үстемақы 1,5 пайыз деңгейінде қалады.

Барлық жаңалықтар