Астанада Қазақстан-Италия бизнес форумы өтуде

10 Қараша, 2014 10:42
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Қазақстан-Итальия бизнес форумы өтуде.

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің хабарлауынша, шара Италия Республикасы экономикалық даму министрінің  орынбасары Карло Капенда бастаған Италия бизнес делегациясының сапарына орайластырылған.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2013 жылы Италиямен арадағы екіжақты сауда айналымы 16,2 млрд АҚШ долларын құраған. Осы уақытта экспорт көлемі 15,2 млрд долларды, импорт 993 млн долларды құраған.

Сонымен қатар, биылғы жылдың алты айында тауар айналымы 11,7 млрд АҚШ долларына жетіп, экспорт көлемінің үлесі 10,4 млрд доллар болса, импорт көлемі 588,4 млрд долларға жеті.

Айта кету керек, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда елдер арасындағы тауар айналымы 4,6 млрд долларға артқан.

ИДМ хабарлауынша, итальяндық кәсіпкерлер үшін «B2B» форматындағы қазақстандық компания өкілдерімен кездесу ұйымдастырылмақ, ондағы мақсат Қазақстан мен Италия арасында қалыптасқан байланысты дамытып, жаңа іскерлік байланыстар орнату.

Италия делегация құрамында шамамен агроөнеркәсіптік кешен, текстиль өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен құрылыс инфрақұрылымы саласында қызмет ететін 80 компания өкілдері бар.  

Өз кезегінде қазақстандық тараптан ұлттық компания, ұйым мен салалық қауымдастық және даму институттары қатарынан 200 өкіл қатысады деп күтілуде.  

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар