Қарағандыда БЖК бағдарламасы бойынша 87 жоба мақұлданды

10 Қараша, 2014 14:47
Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша осы жылы 87 жоба мақұлданды, деп әкімдіктен хабарлады.

«Жыл басынан бері бизнес субъектілері 382,5 млрд теңгенің тауарын өндірді немесе өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда  100,1% құрады. Облыстың сыртқы тауар айналымы 5,5 млрд долларды көрсетті. Қаржылай емес шаралармен 1427 кәсіпкер қамтылды», - делінген хабарламада.

Аймақ бюджетіне салық пен төлемдер түрінде 81 млрд 256 млн теңге көлемінде қаржы түсті, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 8,8%-ға жоғары. Басты шығындық бюджет міндеттемелері толығымен орындалды.

Аталып өткендей, бөлшек саудасының айналымы 7,2% өсіп,  400 млрд теңге болды. Ал, халықтың қаржылай табысы 7%-ға артты.

Барлық жаңалықтар