ШҚО-да Ұлы Абайға арналған сурет көрмесі өтті

10 Қараша, 2014 19:48
Өскеменде Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған жері Жидебай ауылында ақынға арналған «Абайды танып біл» атты сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының ресми сайты.

«Өскелең ұрпақты Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыруды мақсат еткен көрме аясында Өнер музейінде үздік сурет авторларын марапаттау салтанаты өтті. «Нұр Отан» партиясының ШҚО бөлімшесі қолдауымен өткен шараның халыққа берері мол», - делінген хабарламада.  

Қазылар алқасы үміткерлер ішінен Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың еңбегін үздік деп бағалады.

Көрмеге келушілер де қылқалам шеберлерінің шығармашылықтарына таңдай қақты.

«Абай шығармашылығы – ұлт мақтанышы. Онда терең пәлсапа мен өмірдің мәні қозғалып, күрделі өмірлік сұрақтарға жауап беріледі. Оның шығармашылығы әлі де болса өізінің өміршеңдігін жоғалтқан емес», - дейді «Нұр Отан» партиясы ШҚО бөлімшесі басшысының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков.

Барлық жаңалықтар