- Басты
- Жаңалықтар
- Байқау жеңімпазы темір тұлпардың кілтін алды
Байқау жеңімпазы темір тұлпардың кілтін алды
«Аталмыш шараға еліміздің барлық өңірінің термешілері жаңа термелерімен қатысып, өз бақтарын сынаған болатын. ҚР мәдениет және спорт министрлігінің бұл байқауды өткізудегі негізгі мақсаттарының қатарына асыл сөздің маржаны мен терең ойдың тұнығын әуезді әнмен жеткізетін термені насихаттау мен тарату арқылы халықты бірлікке, бауырмалдыққа, отанын сүюге, тілін, дінін құрметтеуге шақыру. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 37 тармағын және ҚР Президенті – Н. Назарбаевтың «Ұлытау төріндегі толғаныс» атты сұхбатында айтылған негізгі бағыттарды орындауға бағытталған шараға мемлекетіміздің әр облысынан және Астана, Алматы қалаларынан келген өкілдерімен қатар эстрада жұлдыздары да атсалысты», - делінген хабарламада.
Терме – қазақ халқы өнерінің асыл қазынасы, оның өсіп келе жатқан ұрпақтардың бойында отансүйгіш және туған елінің мәдениеті мен өнеріне деген сыйластық қасиеттерін қалыптастырып, халықтың бірлігі мен татулығын асқақтату жолында ойнайтын рөлі зор.
Байқаудың бас жүлдесін Астана қаласының термешісі Елмұра Жаңабергенова, бірінші орынды батыс қазақстандық Армат Исламғалиев, екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Кеңесбай Әшірбаев және үшінші орынды Ерболат Шалдыбеков иеленді.
Айта кетерлік жайт, байқаудың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяров, ҚР Парламент депутаттары, өнертанушылар, жыршы-термешілер, елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және өнер сүйер қауым өкілдері қатысты.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді