Ақмола облысында жастар форумы өтті

9 Қараша, 2014 15:02
Ақмола облысында «Ел болашағы жастардың қолында» жастар форумы өтті, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».

«Шараға «Нұр Отан» ХДП-ның жастар қанаты "Жас Отан" мұрындық болды. Оның мақсаты мамандық таңдауда көмектесу. Бұл ретте өз тәжірибесімен «Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігін пайдалана білген болашағы зор 3 жас маман бөлісті», делінген хабарламада.

Медиа орталықтан атап өткендей, жыл сайын ауданға «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша көптеген жас мамандар  келуде. Оларға мамандық бойынша жұмыс пен баспана алуларына несие беріледі.

«Мұндай форумдар жастарға дұрыс жол сілтеуге және дұрыс таңдау жасауға  көмектеседі», - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары  Орынбасар Ахметов.

Барлық жаңалықтар