Хош иісті көмірсутектер кешені желтоқсан айында пайдалануға беріледі

9 Қараша, 2014 14:34
Атырау мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) хош иісті көмірсутектер кешені ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

Кешеннің құрылысы 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде.

Әкімдіктен атап өткендей, жоба қуаттылығы – жылына  133 мың тонна  бензол, 496 мың тонна  параксилол. Ал, оның құны 1 098  млн долл құрады.

Кешеннің құрылысы 2010 жылы басталды, бүгінде құрылыс монтаж жұмыстары 94,4%-ға аяқталды. Жалпы, ол 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. 

Барлық жаңалықтар