• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Польша агроиндустрия мен қайта өңдеу салаларында кәсіпорын ашуға келісті

Қазақстан мен Польша агроиндустрия мен қайта өңдеу салаларында кәсіпорын ашуға келісті

9 Қараша, 2014 12:31
Польшалық инвесторларға 2 күнге созылған Қазақстан Республикасына роуд-шоу аясында еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, деп «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінен хабарлады.

Сонымен, келіссөздер нәтижесінде тараптар агроиндустрия мен қайта өңдеу салаларында кәсіпорын ашуға келісті.

Айта кетерлік жайт, дөнгелек үстелге қатысушылар ынтымақтастықтың негізгі тетігі ретінде машина жасау, тамақ және химиялық өнеркәсіп және т.б сияқты түрлі қызмет салаларын атады.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Әсел  Ерғазиеваның айтуынша, бұл секторлар екіжақты ынтымақтастық үшін ең қызықты сала.

Жалпы, шараға POLMOT, HUTA LABEDY, PESA, PEK MONT, PRONAR, MSX Resources SA, CIECH Group, OLMEX, Węglokoks S.A., Moscibrody, EKO EXPORT  сынды 35 ең ірі польшалық компаниялардың өкілдері қатысты. 

Барлық жаңалықтар