ҚМГ-да экономикалық қауіпсіздік саясаты бекітілді

9 Қараша, 2014 11:31
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ экономикалық қауіпсіздік саясаты бекітілді, деп ұлттық компаниядан хабарлады.

ҚМГ-да атап өткендей, құжаттың мақсаты – компания мүдделеріне ықтимал шараларды жоюға немесе азайтуға бағытталған экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесі негізінде Компанияның тұрақты жұмыс істеуі және серпінді дамуы үшін тиімді жағдай жасау.

Сонымен қатар, құжат кешенді болып табылады және барлық деңгейлердегі стратегиялық және корпоративтік басқаруға интеграциялауды көздейді. Онда негізгі қағидаттар мен жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алуға, сондай-ақ контрагенттерді кешенді бағалауға қойылатын талаптар айқындалады.

Саясатты іске асыру Компания қызметкерлері мен оның контрагенттерінде, сондай-ақ Компаниямен өзара іс-қимыл жасайтын өзге де тұлғаларда алаяқтыққа, жемқорлыққа шыдамауының қалыптасуы үшін, қызметкерлер арасында заңды сақтау қағидаттарына, өз лауазымдық міндеттерін орындаған кезде адалдыққа, сатылмайтындыққа және ашықтыққа негізделген құқықтық мәдениеттің қалыптасуы үшін жағдай жасайды.

Барлық жаңалықтар