- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Еуропа Кеңесінің көршілес өңірлерге қатысты саясаты жөніндегі конференциясына қатысты
Қазақстан Еуропа Кеңесінің көршілес өңірлерге қатысты саясаты жөніндегі конференциясына қатысты
Форумның жұмысына Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Э.Мамедъяров мырза, Еуропа Кеңесінің Сыртқы саяси байланыстар жөніндегі директоры З.Таубнер, Еуропа Кеңесіне мүше елдердің сыртқы саясат ведомстволары мен елшіліктерінің басшылары, бақылаушы мемлекеттердің, Оңтүстік Жерорта теңізі елдерінің, Израиль, Иордания, Қырғыз Республикасы, Палестина, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков бастаған Қазақстан делегациясы қатысуда, делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Аталған іс-шара барысында халықаралық саясат, демократиялық даму және құқық үстемдегі саласындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің көршілес өңірлерге қатысты саясатын іске асыру және ынтымақтастықтың перспективалары жөніндегі ағымдағы мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті.
Қазақстан делегациясының басшысы Алексей Волков Конференцияның бірінші сессиясын негізгі баяндамашы ретінде ашып, өз сөзінде Қазақстанның Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастығының серпінді дамуын қоса алғанда, Қазақстан - Еуропа диалогын дамытудың айтарлықтай әлеуетін атап өтті. «Қазақстан Еуропа Кеңесімен ынтымақтастығына өзара ұмтылысты, тұрақтылықты, қауіпсіздікті, экономикалық дамуды және өңірінің өркендеуін қамтамасыз ету мақсатында тәжірибемен және озық білімімен алмасу үшін мүмкіндік ретінде қарастыруда», - деді ол.
Министрліктен атап өткендей, сөйлеген сөзде Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті 2013 жылғы желтоқсанда «2014-2015 жылдарға арналған Қазақстан үшін тату көршілік ынтымақтастықтың басымдықтары: Еуропа Кеңесінің қылмыстық конвенциясы бойынша ынтымақтастығы» шеңберінде қабылдаған Іс-қимыл жоспарының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының басшысы аталған Іс-қимыл жоспары шеңберінде қазақстандық және еуропалық сот төрелігі жүйесін жақындастыруға бағытталған Еуропа Одағы және Еуропа Кеңесінің «Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің сапасын және тиімділігін жақсартуда қазақстандық билікті қолдау» бірлескен бағдарламасы осы жылдың шілдесінде іске қосылғанын хабардар етті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру