• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көмірсутек өндірісінің кешені биылғы жылдың желтоқсан айында іске қосылады

Көмірсутек өндірісінің кешені биылғы жылдың желтоқсан айында іске қосылады

7 Қараша, 2014 19:21
Атырау мұнай өңдеу зауытында ҮИИД МБ аясында салынып жатқан ароматты көмірсутек өндірісінің кешені биылғы жылдың желтоқсан айында іске қосылады.

Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, кешен құрылысы 2010 жылы қолға алынды. Қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстарының 94,4 пайызы аяқталды. 2014 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.  

Жалпы, зауыт шаруашылығының  нысандары іске қосыла бастады. Атырау облыстық әкімдігінің құрған мемлекеттік қабылдау комиссиясы кешен шаруашылығы нысандарын қабылдау жұмыстары жүргізуде.

Хабарламада айтылғандай, жоба құны 1 098 млн АҚШ долларын құрады. Жобаны іске асырудан жылына 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіру қуаттылығына ие өндіріс жұмыс істемек. Құрылыс арқасында 1860 жұмыс орны ашылды.

Айта кетейік, кешен қолда бар технологияның арқасында мұнай-химия өнімдерін өндіріп, жоғарыоктанды жанармай өндіре отырып отын режимімен жұмыс істей береді.

Барлық жаңалықтар