- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Көшербаев: Солтүстік-Арал жобасының екінші кезеңі 2015 жылы басталады
Қ.Көшербаев: Солтүстік-Арал жобасының екінші кезеңі 2015 жылы басталады
«САРАТС жобасының екінші кезеңін қаржыландыру мәселесі шешілді. «Ғасыр жобасын» жүзеге асыруға дүниежүзілік банк қаржы бөледі. Елбасының тікелей бастамасымен табаны құрғаған теңізді қайтару мақсатында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы қолға алынды», - деді Қырымбек Көшербаев.
Сан жылдардан бері қасіреттен көз ашпаған халық сағымға айналған қуанышты күндерінің қайта оралатына сеніммен қарады. Халықаралық сарапшылар «Ғасыр жобасы» деп әспеттеген «САРАТС-тың бірінші кезеңі сәтті жүзеге асты.
Қомақты қаржыға Үлкен және Кіші Аралдың түйіскен тұсына 13 шақырымды құрайтын Көкарал бөгеті салынып, Сырдария өзенінің арнасы тазартылды. Бұған қоса, бірнеше гидротехникалық құрылғылар орнатылды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің су өткізу мүмкіндігі артты. Теңіздің құрғаған 870 шақырымын су басып, балық түрлері көбейді. Судың тұздылығы төмендеді. Бұрын балықтың бір түрі қалса, қазір су маржанының саны жиырмадан асты. Балық аулау көлемі 400 тоннадан 5 мың тоннаға жетті. Теңіз Арал қаласына 74 шақырымнан 17 шақырымға дейін жақындады.
Бүгінде «ғасыр жобасының» екінші кезеңін қаржыландыру мәселесі де шешілді. Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа Сыр өңіріне арнайы келіп, жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға ҚР Үкіметімен меморандумға қол қойған болатын.
Камила Амирова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Абай жылының айшықты тұстары -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері