• Басты
  • Г.Әбдіқалықова: Ел алдында техникалық-кәсіптік оқытуды жаңғырту міндеті тұр

Г.Әбдіқалықова: Ел алдында техникалық-кәсіптік оқытуды жаңғырту міндеті тұр

7 Қараша, 2014 17:03
Еліміздің алдында техникалық және кәсіптік оқытуды жаңғырту міндеті тұр, деп мәлімдеді бүгін ҚР Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде.

«Жалпы, техникалық және кәсіптік оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында 2020 жылға дейінгі Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бұл салаға айтарлықтай қолдауының арқасында жүйелі өзгерістер орын алуда. Осы орайда барлық тараптардың қатысуы маңызды», - дейді ол.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, әлемдік тәжірибеге сай әріптес жұмыс берушілер болашақ мамандардың кәсіп игеруін анықтауға да атсалысатыны анық.

Барлық жаңалықтар