• Басты
  • Г.Әбдіхалықова Жамбыл облысында жаңа жұмыс орындарын ашу жолдарын атап өтті

Г.Әбдіхалықова Жамбыл облысында жаңа жұмыс орындарын ашу жолдарын атап өтті

7 Қараша, 2014 16:33
Аймақта химия өндірісін дамыту бірден құрылыс өндірісін жандандыра түседі, нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында хабарлады.

Егер, Жамбыл облысы экономикасының даму әлеуеті туралы айтатын болсақ,  Үкімет өңірде ұлттық химия кластерін дамыту керек деп айқындап берді, деп ол еске салды.    

Аймақта химия өндірісін дамытуға қолдау көрсету мақсатында «Тараз» химия паркі» АЭА құрылды. Бүгінде АЭА аясында калий сульфатын, галифосфат, күйдіргіш сода мен үш-хлорлы фосфор өндірумен айналысатын «Біріктірілген химия компаниясы»  4 жобаны жүзеге асыруда. Сонымен қатар, мұнда «Еуро Хим-Тыңайтқыштар» ЖШС жұмыс істейді (минералды тыңайтқыштар өндірісі). Болашақта жаңа 15 өндірісті ашу жоспарланған.

«Белгілі болғандай, аталған жобалар бойынша білікті мамандар керек. Білім беру саласы білікті мамандар мен кадр тапшылығын толықтыруы тиіс. Оның үстіне химия өндірісінің жаңа өндірістік нысандарды іске қосу арқылы дамуы орынды. Айта кетерлік жайт, мұндай күрделі өндіріс ошақтарын тұрғызу үшінде мамандарды көптеп қажет етеді, алайда олар тек құрылыс барысында ғана жұмыспен қамтылады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында химия өнімдерін өндіретін өндіріс ошағы - «Қазфосфат» ЖШС, ол жергілікті шикізат базасын пайдаланады. Облыс аумағында республикалық фосфор қорының 70%-дан астамы жиналған.

 

Барлық жаңалықтар