- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорған қаласында жаңа орталық мешіт ашылды
Талдықорған қаласында жаңа орталық мешіт ашылды
Облыс әкімі Амандық Баталов ашылу салтанатында жиналған қауымды құттықтап Елбасының сындарлы саясаты нәтижесіндегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық тұрақтылыққа кеңінен тоқталды.
«Тәуелсіздік жылдары діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып, елімізде дінаралық диалогтың жарқын үлгісін қалыптастырды. Қазақстандағы этносаралық толеранттылықты әлемге паш етті. Соның бір айғағы, бүгінгі ашылып отырған мына мешіт те халықтың игілігі үшін салынған. Қазіргі қоғамға ауадай қажет нәрсе - имандылық. Иман – адам баласының екі дүниедегі бақыты, баға жетпес азығы. Ендеше бұл мешіт рухани азықпен сусындатар кәусар бұлақ секілді, мәдени-ағарту, ізгілік пен бірліктің орталығы болады», - деп атап өтті Амандық Баталов.
Бүгінгі таңда облыс көлемінде 391 мешіттің қызмет көрсететінін айта кеткен жөн. Жаңа мешіт тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда кітапхана, медресе, неке қию орындары бар.
Жаңа мешіт 2 қабаттан, бір мезетте өзіне 1200 адамға дейін сыйдыра алатын әсем ғимарат негізінде тұрғызылды. Құрылыс жұмыстарын «Ауыл құрылысы» ЖШС-і барлық діни архитектуралық заңнама-дәстүрлерді сақтай отырып жүргізді. Ғимарат аумағы 4 500 шаршы метрді құраса, мешітке тиесілі аумақ көлемі 3 га жуық.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды