К. Қосыбаев: Ұлытау - ата-бабаларымыздың күші мен ойларының тоғысқан жері

7 Қараша, 2014 17:19
Ұлытау - ата-бабаларымыздың күші мен ойларының тоғысқан жері, ол қасиетті мекен және солай қала береді. Бұл туралы Strategy 2050.kz АА берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы директорының орынбасары Кеңес Қосыбаев мәлімдеді.

«Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қасиетті Ұлытау баурайындағы ойлары маған өте жақын. Мен Елбасының  Ұлытауды еліміздің болашақ астанасы ретінде қарастыруымен толығымен келісемін. Рас, ол қазақ халқы үшін орталық болғанымен, Елбасы айтқандай заманауи тұрғыда онда ештеме жоқ. Дегенмен ол қасиетті мекен және солай қала береді. Ұлытау - ата-бабаларымыздың күштері мен ойларының тоғысқан жері», - деді К. Қосыбаев.

Оның айтуынша, туризмді дамыту керек. «Жақында ғана Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамның ғалымдары Ұлытау баурайын тағы зерттегені туралы оқып шықтым және олар аймақтың туристік әлеуетін жоғары бағалаған. Жалпы, мен елімізде табиғаты әсем, көз тоймайтын жерлердің көп екеніне сенімдімін және олар туралы айтып жүру керек. Шетел асудың қажеті жоқ, егер туған жерімізде де демалуға мүмкін болса», - деп атап өтті ол.

К. Қосыбаев, халық алдағы 50-100 жыл бойы қызмет ететін ұзындығы 1 200 шықырым теміржол салу қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, мұнда жаңа жұмыс орындары ашылады және 4 облыстың экономикасы жандана түседі, деді ол.

«Жезказған - Бейнеу мен Арқалық - Шұбаркөл теміржол магистралдары көптеген елді мекендерді тығыз байланыстырды. Бұл шын мәнінде тарихи жаңалық және оның  тек аймақ үшін ғана емес күллі республика үшін стратегилық маңызы зор», - деп толықтырды ол.

Барлық жаңалықтар