- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Н.Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
« Шағын құрамдағы кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде де пікір алмасты», -делінген хабарламада.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үрдістердің негізгі даму бағыттары туралы сөз қозғады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғызстанға қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
«Қазақ пен қырғыз ежелден бауырлас халықтар. Біз Қырғызстандағы оқиғаларды жіті бақылап отырмыз. Сіздің бүгінгі сапарыңыз және оның барысында қол қойылатын құжаттар елдеріміздің арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастардың айғағы болып саналады», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге Қырғызстан Президентінің сапары әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында өтіп жатқанын да атап айтты.
«Ауғанстанда және Сирияда болып жатқан оқиғалар, Ресей мен Батыс арасындағы келіспеушіліктер біздің елдерімізге әсер етуде. Біз алдымызда тұрған барлық мәселелерді бірлескен күш-жігермен шешуге тиіспіз. Қазақстан мен Қырғызстан өз ынтымақтастығы арқылы өзге елдерге үлгі көрсетуі керек», - деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасына Қазақстанның көрсетіп отырған қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.
Мемлекет басшысы сондай-ақ кездесу барысында А.Атамбаевқа елдеріміздің арасындағы достықты дамытуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.
-
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
COVID-19 екінші толқыны: Әлемдегі ахуал күрделі -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өзгерді -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Мемлекет басшысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды -
Асқар Мамин қырғыз премьерімен телефон арқылы сөйлесті -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті -
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті -
Қырғызстаннан ауырған жылқының еті әкеліп сатылуда деген хабарлама жалған - АШМ -
Қ.Тоқаев аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті