- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында қаржыландыру екі есеге артты - әкім
Қызылорда облысында қаржыландыру екі есеге артты - әкім
«Аймақ үшін Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалар үлкен қолдау болып табылады. Соңғы екі жылда аймақты дамытуға бөлінген қаржы екі есе көбейтілді»,- деп атап өтті әкім.
Қ. Көшербаев еске салып өткендей, 2012 жылы 144 млрд теңге бөлінді, ал 2014 жылы нақтыланған бюджет 211,7 млрд теңгені құрады.
«Осы жылы әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін жан басына 158 мың теңге бөлінді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша, Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша соңғы 16 орында болды. Ал, 2013 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы бестікке енді»,- деп толықтырды ол.
Аймақ басшысы атап өткендей, 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы салық көлемі бойынша 14 орынға тұрақтады. «Ал, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Атырау, Алматы, Астана мен Маңғыстаудан кейін 4 орыннан табылды. Қатаң саясат жүргізілді, тәртіп орнатылды, тіпті салық органдарында да»,- деді ол.
Камила Амирова
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді