- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» театрының камералық залының салтанатты ашылуы болады
«Астана Опера» театрының камералық залының салтанатты ашылуы болады
«Басты қонақ - музыканы ерекше сезетін әсем меццо-сопрано иесі, депутат, ҚР Парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрайымы, тамаша әнші Дариға Назарбаева. Ол пианист, ҚР Еңбегі сіңген қайраткер Тимур Орманшеевтің сүйемелдеуімен ән салады», - деп хабарламада нақтыланған.
Камералық залдың ашылуына орайластырылған гала-концертте сондай-ақ әлемге әйгілі скрипкашы, ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева өз өнерін паш етеді. Концертке «Астана Опера» театрының солисттері - ҚР Еңбегі сіңген әртістер Талғат Мұсабаев (баритон), Жан Тапин (тенор) және «Солисттер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі қатысады. Ұжымның көркемдік жетекшісі - Айман Мұсақожаева, бас дирижері - ҚР Еңбегі сіңген қайраткер Бақытжан Мұсақожаева.
Сонымен қатар концертке Львовтың мемлекеттік филармониясының бас дирижері Айдар Торыбаев қатысады.
Бағдарламада - Барокко дәуірінің музыкасы. Сонау заманның данышпандары - Г. Ф. Гендель, И. С. Бах, Т. А. Витали, А. Вивальдидің шығармалары орындалады.
«Астана Опера» театрының камералық залының салтанатты ашылуына шақыру билеті бойынша кіруге болады.
Камералық залдың салтанатты ашылуынан кейін 9 қазанда жоғары өнерді сүйер қауым үшін «Астана Операның жас дауыстары» атты классикалық музыкадан керемет концерт өтетінін айта кеткен маңызды. Билетті «Астана Опера» театрының кассасынан алуға болады.
250 адамға шақталған зал камералық музыка концерттерін өткізуге арналған және ауқымды акустикалық мүмкіндіктерге ие. Залдың төбесіндегі бірегей суретті интерьермен жұмыс жасаған итальяндық суретшілер тобы салды.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады -
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады -
Заң жобалаpын қоғамдық талқылау тәсiлдеpi кеңейтiлетiн болады -
Мұнай және газ жер қойнауларын аукционда қалай сатып алуға болады -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
COVID-19: Дәрігерлерге өтемақы төлеу, кинотеатрлардың ашылуы, екінші тоқсандағы оқу форматы туралы