- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» театрының жетекші солисті Сүндет Байғожин Италияда өнер көрсетеді
«Астана Опера» театрының жетекші солисті Сүндет Байғожин Италияда өнер көрсетеді
Театрда хабарлағандай, бүгінде әнші белгілі итальяндық дирижер Ядер Биньяминимен қызу дайындық жүргізіп жатыр. «Жас та, жалынды әншілер тобымен жұмыс істеген маған ұнайды, олар менімен бірге конкурстан өтті, барлығының да дауысы әдемі. Бұл мен үшін өте маңызды қойылым, себебі бұдан ары қарайғы еуропалық мансабым осы жерде қалай өнер көрсеткеніме байланысты. Қала бойы ілінген афишаларды көріп, өз-өзіме сүйсініп қоямын, мен «Астана Опера» театры атынан тек «Богема» операсында ғана емес, сонымен қатар алдағы жылдың 14 сәуірінде осы сахнада қойылатын Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштараз» операсында да ойнаймын», - дейді жетекші солист.
Сүндет Байғожин ең басты әрі жауапты міндет – еуропалықтар қазақстандық әртістің жұмысын бағалай алу үшін, еліміздің атынан лайықты өнер көрсету екендігін атады.
Баритон Сүндет Байғожин өткен жылдың 10 қарашасында Арена ди Верона қоры (Италия) өткізген конкурста жеңіске жетіп, беделді итальяндық Filarmonico театрында өнер көрсету мүмкіндігін иеленгенін естеріңізге салайық.
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды