- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстан облысында ұкіметтік емес ұйымдардың форумы болып өтті
Шығыс Қазақстан облысында ұкіметтік емес ұйымдардың форумы болып өтті
«Шығыс Қазақстан облысында 800 үкіметтік емес ұйымдар ресми тіркеліп, оның төрттен бірі белсенді әрекет етуде. Аймақтағы коммерциялық емес ұйымдардың ең белсенді және көрнеуі өкілдері «ҮЕҰ және мемлекет - тең деңгейде тілдесу» атты Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының форумында бас қосты» - деп хабарламада жазылған.
Форумның құрметті қонақтары - Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының вице-президенті А.Платонов болды.
Мұндай форум өңірде жыл сайын өткізіледі. Аталмыш сұхбат алаңында ҮЕҰ өкілдері елдегі азаматтық қоғам рөлін нығайту, заңнаманы жетілдіру, азаматтық секторды дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу сынды маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдайды.
Биылғы басқосудың бір ерекшелігі - форумға бірінші рет жақында сайланған ауылдық округтер әкімдері қатысып, ой бөлісті.
Атап айтсақ, жаңа заңнама аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелер жан-жақты талқыланды.
Облыста «Үшінші секторда» 10 мыңнан астам адам, яғни аймақтың әрбір сегізінші тұрғыны жұмыс істеуде. Әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыруға 2003 жылы 2 млн теңге бөлінген болса, биылғы жылы бұл сома 279 млн теңгеге жеткен.
Облыста «ШҚО Қоғамдықкеңесі» сынды азаматтық қоғам институттарының билікпен әрекеттесуінің тамаша үлгісі бар. ҮЕҰ жергілікті билікпен қатар халықаралық ұйымдармен де серіктестікте қызмет етуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді