ЕАЭО-да тұтыну нарығын реттейтін бақылау кеңесі құрылады

6 Қараша, 2014 17:38
ЕАЭО-да тұтыну нарығын реттейтін бақылау кеңесі құрылады, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан BBCG атқарушы директоры Алексей Филатов I Азия бөлшек сауда бизнес-саммитіндегі баспасөз мәжілісінде.

«Бүгінгі таңдағы маңызды оқиғалардың бірі «Саммиттің бақылау кеңесі» деп аталатын топ құру мәселесі болып отыр. Оның мәні сонда, ірі кәсіпкерлер мен нарықтың алпауыттары тұрақты түрде экономика мен бизнестегі қауіп пен қатерлерге сараптама жасаумен айналысты. Өйткені бизнес өз бетінше болашағына алаңдамайды», - дейді А. Филатов.

Ол бизнес құрылымдар мен мемлекет арасындағы ашық және тікелей диалог құру маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбаебаева баспасөз конференциясында ҚР-да жұмыс істеп тұрған белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 871 мыңды құрады. «Солардың ішінде 34 пайызы экономика құрылымдарындағы сауда саласына қатысты болса, экономикалық белсенді халықтың 1 млн 200 мыңы осы салада еңбек етуде», - дейді ол.

Өздеріңізге де белгілі, Ұлттық палата міндеті бизнестің осы саласының өзге де экономика салалары секілді үйлесімді дамуына жол ашу, әкімшілік кедергілерді алып тастау.

«Бір жылда Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнес субъектілернен 6 мың өтініш келіп түсті. Шамамен 15 пайызы сауда саласына қатысты. Сонымен қатар өңірлердегі жер телімдерін беру, сауда нарықтарында жер қойнауын пайдалану құқығын өзгерту мәселелерін қолға аламыз», - дейді.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар