- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ хандығының 1465 жылы құрылғанына Дулатидің еңбектері нақты дәлел – Б. Аяған
Қазақ хандығының 1465 жылы құрылғанына Дулатидің еңбектері нақты дәлел – Б. Аяған
«Өздеріңіз де білесіздер бұрындары Қазақстан мемлекеттілігінің тереңдігін зерттеуге толық мүмкіндігіміздің болмады. Соңғы жылдары ғана осы салаға мемлекеттің назары ауып, арнайы «Халық тарих толқынында» бағдарламасы қолға алынды. Осының аясында Парсы мен Қытай және өзге де шет мемлекеттер мұрағаттарынан қазақ тарихына қатысты тың мәліметтер табыла бастады», - дейді Б.Аяған.
Оның айтуынша, атақты тарихшы Дулатидің еңбектерінде Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр мемлекетінен бөлініп, Шу бойындағы Моғолстан аумағына келіп хандық құратыны нақты айтылады. Аталмыш тариғи оқиға 1465 жылы деп анық көрсетілген.
«Байкал мен Кавказға дейін созылған Алтын орда мемлекетінің заманның ең күшті мемлекеттірінің бір болғаны анық. Осы мемлекет құрамындағы тайпалар бір тілде сөйлеп, түрлері мен генетикалық ерекшеліктерінде де көп айырмашылық болмады. Дей тұрғанмен Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Жәнібек пен Керейдің Моғолстан аумағына барып мемлекет құруының бірден бір себебі, Шу өзені мен Қазіргі Қырғызстан аумағын жайлаған Моғолстанның құрамында Дулат пен Үйсін секілді қазіргі қазақ руларының көп болуы еді. Кейінен бұл мемлекеттің де Қазақ хандығы құрамына кіргені анық», - дейді ол.
Пікірсайыс барысында «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубы мүшелері жақында Елбасының келер жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау керектігі айтқан пікірін талқыға салып, осы туралы өз ойларын ортаға тастады. Шараға қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің қос палатасының депутаттары мен журналистер қатысты.
Бауыржан Мұқанов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді