• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресей парламентаралық қарым-қатынас ынтымақтастығын талқылады

Қазақстан мен Ресей парламентаралық қарым-қатынас ынтымақтастығын талқылады

6 Қараша, 2014 18:29
Қазақстан мен Ресей парламентаралық қарым-қатынас ынтымақтастығын талқылады. Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған қазақстандық парламентшілер ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі жиынына қатысу үшін Мәскеу қаласына келген сапарында мәлім болды.

Мәжілісте хабарлағандай, шара барысында Мәжіліс Спикері Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті.  

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде, парламентаралық қарым-қатынастың ауқымды мәселелерін талқыға салды. Әңгіме барысында өзара іс-қимыл мен түсіністіктің жоғары деңгейде болуы жедел маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретіні айтылды.    

Қ. Жақыпов Қазақстан мен Ресей басшылары арасына қол жеткізілген уағдаластықты заңнамалық қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Ол әсіресе,  Қазақстан мен Ресей арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы, сондай-ақ, Қазақстан, Ресей, Беларусь парламенттерінде бірдей ратификацияланған ЕАЭО құру туралы шарттарға қатысты болды. 

Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының  табысты орындалып жатқандығын атап өтті.   

 

Барлық жаңалықтар