- Басты
- Жаңалықтар
- Индустрияландыру картасы аясында 2014-2016 жылдары АӨК-нің 9 жобасын іске қосу жоспарлануда
Индустрияландыру картасы аясында 2014-2016 жылдары АӨК-нің 9 жобасын іске қосу жоспарлануда
Елбасы бірнеше рет атап өткендей, тікелей шетелдік инвестицияны тарту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығы болып табылады. Жыл сайын аталмыш бағытта көңіл көншітерлік нәтижеге қол жеткізілуде.
Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) жаңа экономика мен үдемелі индустрияландыру үшін білім мен технологияны алып келуді білдіреді.
ҚР Президентінің жарлығына сәйкес, 2010-2014 жылдар аралығында ҚР-ның үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекеттік саясаттың басты міндеті шикізаттық емес, экспортқа бейімделген және жоғары технологиялы өндіріске, инфрақұрылымдарды дамытуға тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасау.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, Индустрияландыру картасы бойынша АӨК-нің 92 жобасы пайдалануға беріліп, 5,1 мың жұмыс орны ашылды. 2014-2016 жылдар аралығында тағы 9 жобаны іске қосу жоспарланған.
Бұдан басқа АӨК-нің проблемалы несиелер санын төмендету жолында «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қаржылай сауықтыру шаралары жүргізілуде.
Қаржылай сауықтыру аясында 2013 жылдан бастап АӨК субъектілерінің жалпы берешегі 312,9 млд теңге болатын 292 өтініші мақұлданды.
Аймақ бойынша қарастыратын болсақ АӨК субъектілерінің басым бөлігі бидай көп егілетін өңірлерден. Қаржылау сауықтырудың 86,4% - егін егу, 2,8% - мал шаруашылығы, 5% - ауыл шаруашылығы тауары, 5,6%- өзгеде қызмет түрлеріне тиесілі.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр