- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан-2050» Стратегиясы АӨК дамуына серпін берді - Қызылорда облысының аграршылары
«Қазақстан-2050» Стратегиясы АӨК дамуына серпін берді - Қызылорда облысының аграршылары
Өз хатында авторлар еліміздің қарқынды дамуын және «Қазақстан-2050» стратегиясының зор маңызын атап өткен.
«Онда қойылған міндеттер агроөнеркәсіп кешеніне үлкен серпін берді. Биыл Қызылорда фермерлері күріштің әр гектарынан 50 центнерден өнім жинап, тәуелсіздік кезеңіндегі рекордтық көрсеткішке қол жеткізді», – деп мәлімдейді диқандар.
Авторлар өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру ісінде тамшылатып суғару секілді заманауи агротехнологиялар қолданылуда екенін, бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатынын айтқан.
Аграрлықтар сондай-ақ облыстағы өзге салалардың дамуына да назар аударып, кіші Аралдың деңгейін көтеру арқасында балық өнімдерінің экспорты өскеніне және оның ТМД ғана емес, Еуропа елдеріне де экспортталатынына тоқталған.
Сонымен қатар, авторлар ауыл шаруашылығы өндірісін әрі қарай дамыту үшін елімізде жүзеге асырылып жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларының маңыздылығын атап өткен.
Қазақстанның көлік әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында салынып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі ауыл шаруашылығы өнімдерін таяу және алыс шетелдерге тасымалдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететіндіктен, саланың дамуына тың серпін беретін болады», – делінген хатта.
Соңында хат авторлары еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға және оны әрі қарай өркендетуге бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтқан.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі