Қазақстанда 2015 жылы машина жасайтын бес станция ашылады – Айтуғанов

6 Қараша, 2014 15:32
Қазақстан өңірлерінде 2015 жылы бес машина жасайтын станция ашылады, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Ұлттық холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов.

«Осы жылы Ақмола облысы зеренді ауданында «Көкшетау» Машина-трактор станциясы» ЖШС құру пилоттық жобасын бастадық. 2014 жылдың көктемгі-күзгі жұмыстарының қорытындысы бойынша ол «ҚазАгро» жобаларының ішінде маңыздысы болып есептеледі», - деді ол.

Оның айтуынша, кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің деңгейі ауыл шаруашылығы үшін өте жоғары, ол 25 мың долларға тең.

«2015 жылы 5 машина жасайтын станцияны құру жоспарланған. Ол Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында ашылады», - деді ол.

Қ.Айтуғанов атап өткендей, инвестициялық нысандар көшбасшысы Ақмола облысы болып саналатынын айтты. Онда 63 жоба жүзеге асты, ол «ҚазАгро» портфелінің  18 пайызын құрап отыр.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар