- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 21 млрд доллардың 130 инвестжобасы жүзеге асырылды – KAZNEX INVEST
Қазақстанда 21 млрд доллардың 130 инвестжобасы жүзеге асырылды – KAZNEX INVEST
«Бүгінге дейін Қазақстанда өңдеуші салада 21 млрд доллардың 130 инвестжобасы жүзеге асырылды», - деді Әсел Ерғазиева.
Оның айтуынша, KAZNEX INVEST портфелінде 36 млрд доллардың 70 жобасы бар. 2005 жылдан бастап 2014 жылдың бірінші жартысына дейін Еуроодақ елдері 95 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған. «Ал Америка Құрама Штаттары мен Қытай 19 және 11,8 млрд доллар инвестиция салды», - дейді төраға орынбасары.
А.Ерғазиеваның айтуынша, биылғы жылдың маусым айында инвестиция туралы заң қабылданып, соның аясында Қазақстан экономикасына 20 млн доллардан артық инвестиция салатын ірі инвесторлар салықтық жеңілдіктерге ие болады. «Атап айтар болсақ, инвесторлар 10 жылға дейінгі салықтық каникул түріндегі ынталандыру әдістерін пайдалана алады. Сонымен қатар, аталмыш инвестор елге салған өз капиталының 30 пайызын қайтарып ала алады. Және де бір жылға дейін Қазақстанға өзіндік жұмыс күшін әкелу мүмкіндігіне қол жеткізбек», - дейді А.Ерғазиева.
Сонымен қатар, оның айтуныша, инвестиция туралы заң аясында мемлекет белгілі бір инвестициялық келісімдерге кепілдік береді. «Яғни, салықтық төлемдер инвестициялық нормаларға алмастырылып, кепілдік келісімде көрсетілетін болады. Қазақстан мега өңірдің бір бөлігі ретінде көрінуде. Әлеуетті инвесторлар Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақ ретінде қарап отыр», - дейді.
Камила Амирова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген