Н.Назарбаев белгілі қоғам қайраткері О.Әбдікәрімовпен кездесті

6 Қараша, 2014 12:26
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси өмірдің бірқатар мәселелері талқыланды.Сонымен қатар республиканың алдында тұрған таяу кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық міндеттер жөнінде сөз қозғалды», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, О.Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларына қатысты өз пікірлерін ортаға салды. 

Барлық жаңалықтар