- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай текстиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан мен Қытай текстиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты талқылады
«ҚазАгроӨнім» АҚ хабарлауынша, қытай делегаттары арасында ҚХР Даму реформасы комиссиясы, Қытай киім және текстиль қауымдастығы конфедерациясы, Қытай трикотаж өнеркәсібі қауымдастығы, Қытай киім қауымдастығы, Қытай Хэнтянь корпорациялар тобы (China Hi-Tech Group Corporation), Қытай халықаралық инженерлік-консультативтік корпорациясы, Хуафан компаниялар тобы (Huafang Group), Цзянсу провинциясы текстиль өнеркәсібі қауымдастығының өкілдері бар.
«Олардың келу мақсаты Қазақстан Республикасына шетелдік инвестиция тарта отырып мақта және текстиль саудасын жүргізу мен транзитті сауда саясатымен танысу. Сонымен қатар, қытай тарабы текстиль саласына инвестиция салу мен мақта және текстиль өнімдерін алу мүмкіндіктерін бағалауды көздеп отыр», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасына текстиль өнімдерін экспорттау мен текстиль өнеркәсібінің елдегі ахуалына, экспорт тасымалдарын ұйымдастыру кезіндегі кедендік-тарифтік реттеу, сонымен қатар шетелдік инвестиция тартудағы мемлекеттік саясатқа қатысты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар шарада «ҚазАгроӨнім» АҚ өкілдері Қауымдастық қызметінің негізгі түрлері мен мақсатын таныстырды. Екіжақты іскерлік қатынасты орнату мақсатында қытай тарабына қой жүні экспортын тасымалдау туралы ұсыныс тасталды. Тараптар алдағы уақытта осы салада терең ынтымақтастық құруға сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды