- Басты
- Жаңалықтар
- Сыртқы істер министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Түркияға келді
Сыртқы істер министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Түркияға келді
Түркия елінің Қарулы Күштері Бас штабының бастығы армия генералы Неджет Өзелмен кездесу кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Түркия Қарулы Күштерінің Солтүстік Атлантика одағы елдері ішіндегі тиімді әрі жауынгерлік қабілеті жоғары әскер екенін атап өтті. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түркия тәжірибесін үйрену мен қолдану мақсатында ынтымақтасуға мүдделі.
«Қазақстан Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастыққа айрықша маңыз береді. Соның арқасында бүгінде біздің армия жемісті өзара іс-қимыл жасап отыр. Түркия Қарулы Күштері мен Бас штабы Қазақстан Қарулы Күштерінің алғашқы қалыптасуы мен дамуы кезеңінде алғашқылардің бірі болып жан-жақты қолдау көрсеткен. Бүгінде Қазақстан әскері әскери қауіпсіздіктің заманауи қатерлеріне қарсы тұрарлық әлеуетке ие. ҚР Қорғаныс министрлігінің негізгі басымдықтарының ішінде әскери білім беру жүйесін жетілдіру, армияны кәсібилендіру және техникалық жаңғырту мәселелері бар, осыған байланысты сіздердің тәжірибелеріңізді үйренуге және қолдануға мүдделіміз», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.
Сапар шеңберінде бүгін ҚР Қорғаныс министрі Түркия қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының ішіндегі жетекші компаниялардың бірі әскери-электронды өнеркәсіптің көшбасшы «Асельсан», сондай-ақ ұшу құралдарының жаңа жүйесін жаңғыртудың, модификациялаудың және интеграциялаудың негізгі орындаушысы «ТАЙ» компанияларында болады.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер