- Басты
- Жаңалықтар
- Жер бетіндегі сұңқарлардың 95 пайызы Қазақстанда ұя салады
Жер бетіндегі сұңқарлардың 95 пайызы Қазақстанда ұя салады
«2005 жылдан бері ҚБСА республикалық қоғамдық бірлестігі, Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитеті, Франкфурт экологиялық комитетімен Орталық Қазақстанның тағы даласын қалпына келтіру жұмыстарын бастадық. Бұл ынтымақтастық табиғатты сақтау жұмыстарын жолға қоюға деңдессіз мүмкіндік берді. Жалпы, Қазақстандағы табиғатты қорғау жұмыстарына оң баға беруге болады. Мемлекеттік тапсырмасымен және мемлекеттік органдардың қолдауымен қоғамдық бірлестіктердің атқарып жатқан жұмыстары әлемдік экологиялық қауіптің алдын алуда өзіндік мәнге ие», - деп мәлімдеді баспасөз конференциясы барысында Корольдік құстар қоғамы Орталық Азия бағдарламасының менеджері Стефани Вард.
Айта кетейік, қазіргі таңда жер бетіндегі сұңқар құстарының 95 пайызы Қазақстанда ұя салады. «Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау ассосациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жүзеге асырған «Сұңқар» жобасы аясында аталмыш құс түрлерінің орын ауыстыруы мен орналасу жерлері анықталып, оларға төніп тұрған қатерлердің алдын алу шаралары қолға алынды. Осы мақсатта Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар сұңқар құстарын сақтап қалу бойынша Халықаралық әрекеттер жоспарының негізі болып табылады. Бүгінгі таңда оған 13 мемлекет қатысуда.
Сонымен қатар, республикалық қоғамдық бірлестігінің жүзеге асырған «Сұңқар» жобасы аясында 22 құсқа спутниктік құрылғы орнатылып, 1500 балапан сақиналанған. Осының арқасында құстардың көбею деңгейі мен орналасу жерлері туралы ақпарат алынуда.
Бауыржан Мұқанов
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды